1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
ҚОР БАСШЫСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚОҒАМДАСТЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ Әбілқайыр Сқақов денсаулық сақтау ардагерлерімен және сарапшыларымен жүйені дамыту тетіктерін талқылап, қаладағы медициналық ұйымдардың жұмысымен танысты. Басқарма төрағасы денсаулық сақтау сарапшыларымен және ардагерлерімен кездесу барысында 2024-2025 жылдарға арналған Қорды дамытудың перспективалық жоспарын таныстырды. Онда МӘМС тұрақтылығын қамтамасыз ету, халықты жүйеге тартуды күшейту, медициналық қызметтер мониторингі сапасын арттыру, цифрландыру, азаматтардың хабардар болуын және Қордың ашықтық дәрежесін көтеру, сондай-ақ институционалдық бастамалар бойынша жүйелі шаралар ұсынылды.
Өз кезегінде сала сарапшылары дәрігерлердің жүктемесін ескеріп, медицина қызметкерлерін компьютерлік жұмыстан босату бойынша, жеке медициналық орталықтар бас тартатын ауыр науқастарды қабылдауға мәжбүр болған мемлекеттік ауруханаларды қолдауға, жеткізушілер арасында қаражат бөлу тәсілдерін қарастыруға қатысты өз ұсыныстарын айтты.
Ізінше қаланың медициналық ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті. Онда уақтылы қаржыландыру және бірлесіп орындаушылармен қарым-қатынас жайы талқыланды.


2024 жылы алматылықтарға медициналық көмек көрсетуге 334,7 млрд теңге бөлінді, оның ішінде МӘМС бойынша – 159,6 млрд теңге, ТМККК шеңберінде – 175,1 млрд теңге. Жыл басынан бері төлем процестерін автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды және халыққа үздіксіз медициналық көмек көрсету қажеттілігін ескере отырып, біз аванстауды жылдық бюджеттің 30-дан 70%-ға дейін арттыру жөнінде бұрын-соңды болмаған шешім қабылдадық. Қазір ақпан мен наурыздағы қызметтерге ақы төлеу процесі жүріп жатыр», - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.
Сондай-ақ, Қор басшысы медициналық көмек жеткізушілеріне Қорда ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап ауқымды деректерді жедел талдау және басқарушылық шешімдерді тиімді қабылдау үшін құрылған Ситуациялық-талдамалық орталығының жұмысын көрсетті. Оған 18 дерекқордың 500-ге жуық көрсеткіші 1000-нан астам дашбордта – жеткізушілер мен жасалған шарттар, көрсетілген қызметтер көлемі, мониторинг қорытындылары мен шағымдар саны, тіркелген халық және МӘМС жүйесімен қамту деңгейі туралы және т.б. кірді. Ситуациялық-талдамалық орталығының жұмысы қаржыландыру кезеңдері процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар кездесуге қатысушылар консультативтік-диагностикалық қызметтерді алу кезінде пациенттің бағытын талқылады. Талдау көрсеткендей олардың көпшілігі бірлесіп орындайды, ал медициналық ұйым өзінің тіркелген халқын жергілікті медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге тырысуы керек.

Кездесулер барысында Әбілқайыр Сқақов денсаулық сақтау жүйесінің барлық қатысушылары арасындағы сындарлы және тығыз диалогтың маңыздылығын атап өтті.

«Біз бағытымызды өзгертеміз. Айыптаудан аулақ болып, денсаулық сақтау жүйесіндегі процестерді жетілдіруге мүдделі серіктестер ретінде ынтымақтастықты ұсынамыз», - деді ол.


Шара барысында Қор басшысы №5 қалалық клиникалық ауруханаға бас сұғып, медициналық ұйымдар ішіндегі менеджмент мәселелеріне, пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысына және жалпы пациенттермен кері байланысқа ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов Қордың орталық аппаратының қызметкерлеріне жергілікті жерлердегі жағдаймен танысу үшін «Достар Мед» көпсалалы медициналық орталығына баруды тапсырды.


«МӘМС жүйесіне қатысатын жеке клиникалар пациенттер алдындағы жауапкершіліктің жоғары деңгейін білуі тиіс және бұл медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл ретте азаматтарымыз медициналық қызметтердің сапасына ең объективті баға беруі тиіс. Егер шағымдар болмаса және біздің отандастарымыз көрсетілген қызметтерге қанағаттанса, Қор тарапынан медициналық ұйымдарға да мәселе болмайтынын түсіну қажет», - деді Сқақов.

Бүгінде Алматыда Қормен 215 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның 124-і жеке меншік.
Қор төрағасы жақын арада Қазақстанның басқа өңірлеріне ат басын бұрады.


20.06.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу